RU KZ EN
Қазақстан
Республикасында
өңделген және
жасалған
Радиациялық бақылау
және экологиялық
мониторинг
саласындағы заманауи
өлшеу аспаптары мен
жабдықтары

Жабдықтар

Бөлінетін және радиоактивті материалдарды автоматты түрде анықтау жүйелері

Нысандарды бақылау-өткізу бекеттері арқылы алып өтуге бақылау жүргізу кезінде  ядролық материалдарды және гамма- және нейтрондық сәулелену көздерін анықтауға арналған.

Радиоактивті аэрозольдердің радиометрлері

Радон мен торонды, радионуклидтердің ұзақмерзімді белсенділігін, альфа-, бета-сәуле шашқыштардың көлемдік белсенділігін өлшеуге арналған.

Радиоизотоптық релелік аспаптар

Сұйық және сусығыш материалдардың деңгейін түйіспесіз позициялық бақылауға, заттардың қозғалысын бақылауға, екі түрлі орта шекарасының бөлінуін бақылауға және т.б. арналған.

Сынама алуға арналған жабдықтар

Бақыланатын параметрдің, яғни сынаманы алу уақытының немесе үрленген ауа көлемінің мәні берілген ауыспалы сүзгіге өзіне артынша талдау жүргізу үшін ауа сынамаларын алатын жабдықтар.

Тасымалданатын дозиметрлер-радиометрлер

Қоршаған ортаны, жұмыс орындарын, қондырғыларды және көлік құралдарын және т.б. кешенді радициялық бақылауға арналған.

Дербес дозиметрлер

Радиациялық жағдайды және пайдалануға түсетін дозалық жүктемені бақылауға арналған шағын габариттік және ыңғайлы дозиметрлер.

Радиациялық бақылауға арналған тұрғылықты аспаптар мен жабдықтар

Иондаушы сәулелену көздерін анықтауға арналған. Радиация деңгейін үнемі түрде бақылап отыру керек болатын орындар мен кәсіпорындарды орнатылады.

Газ талдауыштар

Уытты газдардың концентрациясын өлшеуге арналған.

Радиациялық және экологиялық мониторинг жүргізу жүйелері

Қашықтағы нысандар мен ауданы үлкен аймақтардағы радиациялық сәулеленудің деңгейі мен уытты газдардың концентрациясын өлшеуге арналған.

Мақалалар

  • Жаңа отандық әзірлеме: «РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелік құрылғы
    Мақалада құрылғының жаңа инновациялық әзірлемесі – «РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелік құрылғысы сипатталған.