RU KZ EN
Компания жайлы

Компания жайлы

Ғылыми – өндірістік кәсіпорын «СОЛО ЛЛП (SOLO LLPЖШС 1991 жылдан бастап радиациялық бақылау мен аспап жасау саласында жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта аспап жасау саласында компания Қазақстанда көшбасшылық, ал ТМД аймағында ілгері жайғасымға ие болып отыр. Радиациялық және экологиялық бақылау жүргізетін сериялық шығарылатын кәсіби жабдықтардың тізімі радиациялық қорғау мен қауіпсіздік саласында тәжірибе жүзінде барлық тапсырмалар шеңберін шешуге, сонымен бірге әртүрлі қауіпті және улы газдармен ластану деңгейін қадағалауға қабілетті жабдықтардың кең спекторы ретінде ұсынылады. Жабдықтар атомдық және ядролық өнеркәсіпте, мұнай -, газ -, тау – кен өндірісі мен қайта өңдеу кәсіпорындарында, санитарлық және экологиялық бақылау қызметтерінде, құқық қорғау және әлеуетті құрылымдарда қолданылады. Жинақталған заманауи өлшеу құралын жобалау, өндіру және енгізу тәжірибесі қысқа мерзімде тапсырыс бойынша бірегей радиометриялық жабдықтарды және әр түрлі салаларда қолданылатын аспаптарды жасап шығаруды, іске қосу мен жөндеуді және сертификаттауды жүзеге асыру жағдайын жасайды.

«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС құрамында біліктілігі жоғары мамандар жұмыс жасайды. Жеткізуге ұсынылып отырған жабдықтар жобаланып, патенттеліп және Қазақстан Республикасында «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС шығарылады. Жабдықты жобалағанда және өндіргенде электронды құрамдас бөлшектердің әлемдік өндірушілерінің жетістіктері мен алдыңғы қатардағы ядролық аспаптарды жасау технологиялары қолданылады. Компанияда қабылданған сапаны бақылау бойынша бағдарлама мен әлемдік стандарттарға сәйкестік шеңберінде «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС барлық өнімдері орнатылған талаптарға сәйкес ішкі бақылаудан өтеді.

«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС 2019 жылдан бастап Отандық тауар, жұмыстар мен қызмет өндірушілердің тізіліміне енгізілген, осыған 21.11.2019 ж. №102 9 00059  Индустриалды сертификат дәлел бола алады.

«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС келесі жұмыстарды өткізу құқығына ие:

  • өлшеу аппаратураларын өндіру;
  • өлшеу амалдарын жөндеу;
  • атом энергиясын пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету;
  • радиациялық және дозиметрлік бақылау жабдықтардың монтаждау және іске қосу мен жөндеу жұмыстарын орындау, жүйелерге техникалық қызметтер көрсету;
  • «Радиациялық қорғаныс пен қауіпсіздік» мамандығы бойынша кадрлар дайындау;
  • Қазақстан Республикасында аймақтардың мен объектілердің радиологиялық тексерулер;
  • Металл сынықтарын радиациялық бақылау.

Лицензиялар:

  • 2018 жылдың 30 наурызындағы № 18006346 «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтерді ұсыну бойынша қызметтерді жүзеге асыру» Мемлекеттік лицензиясы, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау Комитетімен берілген;
  • 2018 жылдың 1 мамырындағы «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді арнайы дайындау» № 18009756 объект лицензиясы, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитетімен берілген.

Кәсіпорында СТ ҚР ИСО 9001-2016 Ұлттық стандартына сәйкес келетін Сапа Менеджменті Жүйесі жобаланып, сәтті енгізілген. Осымен біздің шығаратын жабдықтар мен аспаптардың жоғары сапасы және жоғары сапалы қызмет көрсету, кепілді және кепілден кейін қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кепілдендіріледі.

«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ қатысушысы болып табылады.

Біз әрқашан серіктестікке және тәжірибелік тапсырмаларды шешуге дайынбыз.

Ізгі ниетпен, «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС ҒӨК ұжымы.