«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорны Қазақстан Республикасында өзіндік нарық сегментіндегі басқа компаниялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие:
Кәсіпорын Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілерінің тізіліміне енгізілген, бұл 21.11.2019 ж. №102 9 00059 Индустриалдық сертификатпен расталған;
Кәсіпорын өндіретін өнімдерге арнап CT-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ресімделген;
Кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001-2016 Ұлттық стандартына сай сапа менеджменті жүйесі енгізілген;
Шығарылатын өлшеу құралдары ӨҚ типін бекіту мақсатында міндетті сынау рәсімінен өткізіліп отырады, артынша олар ҚР МӨЖ Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, бұл ӨҚ типін бекіту туралы сертификаттарымен расталады;
Шығарылып отырған аспаптар мен жабдықтар толығымен қабылдау-тапсыру сынақтарының міндетті циклынан өтіп, сонымен бірге қоршаған ауа температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне қарсы төзімділігіне қатысты тексеруден өткізіліп отырады;
Шығарылып отырған ӨҚ-лар толығымен міндетті бастапқы сынақтан өткізіледі, бұл аспаптардың жиынтығына кіретін Сынап тексеру туралы сертификаттарымен расталған;
Кәсіпорын тұтынушылардың арнайы тапсырыстары бойынша, сонымен қатар ҒЗТҚЖ мен гранттар шеңберінде радиациялық және экологиялық бақылау аспаптары мен жабдықтарын әзірлеу бойынша тәжірибе мен мүмкіндіктерге ие;
Шығарылатын өнімдердың барлығына оларды пайдалану мерзімі бойы сервистік қызмет көрсетіліп отырады;
Кәсіпорынның аймақтық тұрғыдан ыңғайлы орналасуы шығарылған аспаптар мен жабдықтарға уақытында сервистік күтім жасап отыруға мүмкіндік береді;
Қажетіне қарай кәсіпорын өнімдерін сатып алушылар сатып алынған аспаптар мен жабдықтармен жұмыс істеу бойынша оқудан өтіп немесе оқытушы бейнебаянын алуы мүмкін;
Аспаптар мен жабдықтардың жеткізу жиынтығында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар қамтылған;
Кәсіпорын ҚР Жасыл экономикасын қолдайды және аспаптардың өндірісінде энергияны аз мөлшерде тұтынатын электронды компоненттер қолданылып отырады, бұл энергетикалық ресурстардың мүмкіндінше үнемделуіне ықпалын тигізеді;
Кәсіпорын аспаптар мен жабдықтарды жасаумен қатар Радиациялық қорғау және қауіпсіздік курсы бойынша кадрларды даярлау мен біліктілігін көтерумен айналысады (2018 ж. 16 мамырдағы № 18009756 «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерлерді арнайы даярлау» нысанына арналған лицензия, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетімен берілген);
Кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы аймақтар (сонымен қатар құрылысқа арналған аймақтар) мен нысандарға радиологиялық зерттеу, металл сынықтарына, құрылыс материалдарына және т.б. радиациялық бақылау жүргізеді (2018 жылғы 30 наурыздағы № 18006346 «Атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру» мемлекеттік лицензиясы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетімен берілген).