RU KZ EN

«РКС-01ГН-СОЛО» радиометр-дозиметр

«РКС-01ГН-СОЛО» радиометр-дозиметр, (әрі қарай дозиметр) қоршаған ортаны, жұмыс орындарын, қондырғылар мен көлік амалдарын кешенді радиациялық бақылауға тағайындалған. Дозиметр гамма- және нейтронды сәуле шығарудың сезімталдығы жоғары детекторлау блогына ие.

Дозиметрде ыңғайлы СКИ алдын ала көзделген – бағыттап іздейтін жұмыс тәртібі, көлікті, жолжүкті, металл сынықтарын автоматты кедендік тексеру тәртібі бар, жарықтық және дыбыстық белгі беру ескерілген.

Жабдық ҚР Мемлекеттік тізіліміне № KZ.02.01.02587-2024 нөмірі астына енгізілген
Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС
Ел: Қазақстан Республикасы

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай
Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

 

  • Сипаттамасы

    Дозиметр тасымалды болып табылады және келесілерді өлшеуге тағайындалған:

    • гамма және нейтронды сәуле шығарудың амбиентті балама мөлшерінің қуатын;
    • гамма және нейтронды сәуле шығарудың амбиентті балама мөлшері.

    Дозиметр басқару пультінен және орнатылған гамма және нейтронды сәуле шығаруды детекторлау блогынан тұрады.

    Сцинтилляторлар сезімталдылықтарының энергетикалық тәуелділігінің бейсызықтығын түзету аналогты – сандық түрлендіргіштің көмегімен жүзеге асырылады. Жабдық «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Гигиеналық нормативтер (РҚҚСЭТ ГН) талаптарына және «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелердің  (РҚҚСЭТ СЕ) талаптарына сәйкес радиациялық бақылаудың негізгі тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.

  • Ерекшеліктері
    • Жабдық гамма және нейтронды сәуле шығарудың орнатылған сезімталдылығы жоғары детекторлау блогына ие.
    • Жабдықта ыңғайлы СКИ алдын ала көзделген – бағыттап іздейтін жұмыс тәртібі, бақылаудың автоматты тәртібі ескерілген, шекті дыбыстық және жарықтық белгі беруі бар.
    • Жабдық СЭТ ГН талаптарына және өзге нормативтік құжаттарға сәйкес радиациялық бақылаудың негізгі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
    • Шекті белгі беру тәртібі гамма және нейтронды сәуле шығарудың қос детекторлары үшін қатар орындалған.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Жабдық басқару пультінен және орнатылған детекторлау блоктарынан тұрады.

    Сипаттаманың атауы

    Мәні

     

    Гамма-сәуле шығаруды детекторлау блогы

    Детектор

    Сцинтилляционды

    Тіркелетін гамма-сәуле шығару энергиясының диапазоны

    20 кэВ-тен 10 МэВ-ке дейін

    Мөлшердің амбиентті балама қуатын өлшеу диапазоны

    0,01-ден 500 мк3в/сағ -қа дейін

    Мөлшердің амбиентті баламасын өлшеу диапазоны

    0,01-ден 5×108 мк3в -ке дейін

    Өлшеудің негізгі салыстырмалы қателігінің рұқсат етілген шегі

    ± 12%

    Нейтронды сәуле шығаруды детекторлау блогы

    Тіркелетін нейтронды сәуле шығару энергиясының диапазоны

    0,025 эВ -тен 15 МэВ -ке дейін

    Мөлшердің амбиентті балама қуатын өлшеу диапазоны

    0,1-ден 5×105 мкЗв/сағ.-қа дейін

    Мөлшердің амбиентті баламасын өлшеу диапазоны 

    0,1-ден 1×108 мкЗв -ке дейін

    Өлшеудің негізгі салыстырмалы қателігінің рұқсат етілген шегі

    ± 20 %

     

    Дозиметрдің габаритті өлшемдері, көп емес

    230×115×50 мм

    Дозиметр салмағы, көп емес

    1,0 кг

    Басқару пульті мен детекторлау блоктарының жұмыс температураларының диапазоны

    -40 °С -ден +50 °С -ге дейін.

    Дауыспен сүйемелдеу үшін және жадыға деректер жазуға арналған

    -40 °С -ден +50 °С -ге дейін.

    Сұйық кристалды индикаторға деректерді шығарумен

    -30 °С -ден +50 °С -ге дейін.

    Дозиметр қорегі

    кернеулігі 7,2 В енгізілген литийлі-ионды аккумуляторлы батареядан немесе шығыс кернеулігі 12 В болатын жиынтық ішіне кіретін желілік адаптерден  

    Негізгі жеткізу жиынтығы

    Атауы

    Саны

    1

    «РКС-01ГН-СОЛО» радиометр-дозиметр

    1 дана

    2

    Желілік адаптер

    1 дана

    3

    ӨЭЕМ жалғану шоғырсымы

    1 дана

    4

    Коммуникационды бағдарламасымен компакт диск (немесе флеш-карта)

    1 дана

    5

    USB Конвертер

    1 дана

    6

    Пайдалану құжаттамасы (пайдалану бойынша басшылық)

    1 дана

    7

    Кепілдік талоны

    1 дана

    8

    Тексеру туралы сертификат

    1 дана