RU KZ EN
«РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелі жабдық

«РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелі жабдық

«РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелі жабдық сұйық және сусымалы материалдардың деңгейін байланыссыз бақылауға, заттардың орын ауыстыруларын байланыссыз бақылауға, екі ортаның шектерінің бөлінуін байланыссыз бақылауға және т.б. тағайындалған. Жабдық белгі берудің межелік тәртібіне ие.

Метрологиялық қасиеттері бойынша «РРП-01-СОЛО» радиоизотопты релелі жабдық «Радиоизотопты релелі жабдықтар. Жалпы техникалық шарттар» МЕСТ 17134-80 сәйкес өлшеу амалы болып табылмайтын жабдықтар класына жатады.

Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС

Ел: Қазақстан Республикасы

 

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай

Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

  • Сипаттамасы

    Жабдық стационарлы болып табылады және тапсырылған межелік гамма-сәуле шығару деңгейін өткенде іске қосылуға және қажетті белгі беруге тағайындалған.

    Гамма – сәуле шығаруды өлшеу сцинтилляционды детекторлардың көмегімен өндіріледі.

    Ақпарат графикалық сұйық кристалды индикаторға шығарылады, дыбыстық және жарықтық белгі беру ескерілген және ӨЭЕМ деректер беру мүмкіндігі бар.

    Жабдық гамма-сәуле шығаруды детекторлау блогынан (ГСДБ), ақпаратты өңдеу блогынан (АӨБ) және қорек блогынан тұрады.

    Жабдық «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» Гигиеналық нормативтер (РҚҚСЭТ ГН) талаптарына және «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелердің (РҚҚСЭТ СЕ) талаптарына сәйкес радиациялық бақылаудың негізгі тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.

  • Ерекшеліктері
    • Детекторлау блогында сцинтилляционды детектор қолданылады, ол сцинтиллятордан және жартылай өткізгішті фотоэлектронды еселегіштен (ФЭЕ) тұрады. Жартылай өткізгішті ФЭЕ дірілден, соққылардан және электромагниті өрістерден қорықпайды, ФЭЕ қорек кернеуі 30 В аспайды, сондықтан мұндай детектор пайдаланудың экстрималды шарттарында қолдануға жол берілген;
    • Су және өзге қатты денелер кіріп кетуінен ГДБ орындалуы: IP68;
    • Су және өзге қатты денелер кіріп кетуінен АӨБ орындалуы: IP67;
    • Жұмыс қабілеттілігін және тұрақтылықты үзіліссіз бақылау;
    • Іске қосылу межесін және уақыт тұрақтысын дәл (сандық) орнату;
    • Айырып – қосқанда кедергі келтірмейтін қатты денелі оптоэлектронды реле пайдалану;
    • ГДБ ретке келтіру RS-485 немесе ДК АӨБ энергияға тәуелсіз жадыға орнатылады және сақталады;
    • Дабыл белгісінің іске қосылу межесі бағдарламамен орнатылады;
    • Межеден асқан кезде жарықтық және дыбыстық белгі беру іске қосылады;
    • Жабдық жадысының ақпараттық сыйымдылығы – басқару пультіне және ӨЭЕМ интерфейсі арқылы жазылған өлшеу нәтижелерін шығарып, іске қосылу туралы 1000 жазбаға дейін жазады.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Сипаттаманың атауы

    Мәні

     

    Гамма-сәуле шығаруды детекторлау блогы ГДБ

    Детектор

    сцинтилляционды

    Өлшеу диапазоны

    1 -ден 500000 имп./с -ке дейін

    Реле сигналының іске қосылу уақыты

    1 мс -тен  1,0 с -ке дейін, қадамы 1 мс

    Реле сигналының іске қосылуының электр межесі:

    10 -нан 100000 имп./с -ке дейін, дискреттік қадамы 1 имп./с

    Гистерезис коэффициенті

    0,1 ден 1,0 - ке дейінгі, дискретті қадамы 0,1 шегінде орнатылуы мүмкін

    Детектордың габаритті өлшемі, көп емес

    Æ63 мм, ұзындығы 200 мм

    Детектор салмағы, көп емес

    0,6 кг

    Жұмысшы температуралардың диапазоны

    -50 -ден +50 °С -ге дейін

    Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, көп емес

    95±3 %

    Су және өзге қатты денелер кіріп кетуінен ГДБ орындалуы

    IP68

    Ақпаратты өңдеу блогы АӨБ

    Басқару пультінің габаритті өлшемдері, көп емес

    200×130×130 мм

    Басқару пультінің салмағы, көп емес

    2,0 кг

    Жұмысшы температуралардың диапазоны

     -20 -дан  +50 °С -ге дейін

    Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, көп емес

    95±3 %

    Су және өзге қатты денелер кіріп кетуінен АӨБ орындалуы

    IP67

    Дозиметр қорегі

    кернеулігі 12 В тұрақты ток көзінен

    ГДБ – АӨБ деректер алмасу интерфейсі

    RS-485, жылдамдығы 115200 бит/с

    Негізгі жеткізу жиынтығы

    Атауы

    Саны

    1

    Ақпаратты өңдеу блогы (АӨБ)

    1 дана

    2

    Гамма-сәуле шығаруды детекторлау блогы (ГДБ)

    1 дана

    3

    АӨБ және ГДБ жалғауға арналған шоғырсым

    1 дана

    4

    Қорек блогы (желілік адаптер)

    1 дана

    5

    Желілік адаптер

    1 дана

    6

    ӨЭЕМ жалғану шоғырсымы

    1 дана

    7

    Коммуникационды бағдарламасы бар компакт диск (немесе флеш-карта)

    1 дана

    8

    USB конвертер

    1 дана

    9

    Пайдалану құжаттамасы (пайдалану бойынша басшылық)

    1 дана

    10

    Кепілдік талоны

    1 дана

    11

    Тексеру туралы сертификат

    1 дана