RU KZ EN

Автоматты мониторинг жүйесі

Автоматты мониторинг жүйесі әртүрлі өндірістік, өңдеуші және қайта өндіретін кәсіпорындарда, радиациялық қауіпті объектілерде, атомдық электростанцияларда, ластайтын заттектер бөлетін қызметтегі кәсіпорындарда олардың бөлмелері мен аймақтарында радиациялық және экологиялық бақылауды үзіліссіз өткізуге тағайындалған. 

Жүйе дала бекеттерінің желісінен және қабылдау орталығынан тұрады, орталыққа радиоарна арқылы (GSM-модуль, радиомодем, радиостанция, жолсерікті байланыс) әр дала бекетінен ақпарат келіп түседі. Дала бекеттері мен қабылдау орталығының байланысын бір – бірінен кез келген қашықтықта байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС

Ел: Қазақстан Республикасы

 

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай

Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

  • Сипаттамасы

    Тұтынушы қажеттілігіне тәуелді жүйе келесідей блоктармен толымдалуы мүмкін:

    • альфа-, бета-, гамма-сәуле шығаруды детекторлау блогы;
    • шаңрадиациялық факторды (ШРФ), ұзақ өмір сүретін белсенділікті (ҰӨБ), радон мен торонның баламалы тепе тең көлемдік белсенділігін (БТКБ) өлшеуге арналған блоктар;
    • улы газдар деңгейін өлшеуге арналған блоктар (метан, CO, CO2, NO2, О3 және т.б.);
    • топырақты радон деңгейін өлшеуге арналған блоктар (сейсмологиялық мониторинг және өзге тапсырмалар).

     

  • Ерекшеліктері
    • Толығымен автоматтандырылған жүйе;
    • Жүйенің үзіліссіз, тәуліктік жұмыс тәртібі;
    • Габаритті өлшемдері мен салмағы аз;
    • Әртүрлі жұмыс тәртіптерінің бағдарламалық қондыру қызметі;
    • Дала бекеті мен қабылдау орталығымен байланыс GSM-модулінің көмегімен жүреді (радиомодем, радиостанция);
    • Графика және кесте түрінде қабылдау орталығының ДК деректер шығару;
    • Аккумулятор жартылай өткізгішті күн батареясы арқылы зарядталуы мүмкін.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Автоматты мониторинг жүйесінің техникалық сипаттамалары олар толымдалатын өлшеу блоктарына тәуелді.