RU KZ EN

«EMS ROU» автоматты экологиялық мониторинг жүйесі

«EMS ROU» автоматты экологиялық мониторинг жүйесі, әртүрлі өндірістік, кен өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың, экологиялық қауіпті объектілердің, қызметі ластаушы заттардың шығарылуымен қатар жүретін кәсіпорындардың үй-жайлары мен аумақтарында үздіксіз экологиялық бақылау жүргізуге арналған.

Жүйе далалық пункттер желісінен және қабылдау орталығынан тұрады, оған радиоарна (GSM-модуль, радиомодем, радиостанция, жерсеріктік байланыс) арқылы әрбір далалық пункттен ақпарат келіп түседі. Бір-бірінен талап етілетін кез келген қашықтықта далалық пункттер мен қабылдау орталығының байланысын қамтамасыз етуге болады.

Дайындаушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС
Ел: Қазақстан Республикасы

Кепілдік бойынша қызмет көрсету: 12 ай
Сервистік қызмет көрсету: бүкіл пайдалану мерзімі бойы

  • Сипаттамасы

    Тұтынушының қажеттілігіне байланысты, жүйе келесі блоктармен жабдықталуы мүмкін:

    • Шаңөлшеуіш (Аэрозольді бөлшектердің массалық шоғырлануын өлшеуіш);

    • Метеостанция;

    • Газ талдауыш (уытты газдардың деңгейін өлшеуге арналған блок (H2S, Cl2, NH3, CO, NO, NO2, SО2 метан, VOC ұшпа органикалық қосылыстары және т.б.);

    • тапсырыс берушінің қажеттілігіне байланысты басқа да өлшеуіш блоктар.

  • Ерекшеліктері

    • Толығымен автоматтандырылған жүйе;

    • Жүйенің үздіксіз, тәулік бойы жұмыс істеу режимі;

    • Түрлі жұмыс режимдерін бағдарламамен орнату функциясы;

    • Далалық пункттер мен қабылдау орталығы арасында GSM-модуль (радиомодем, радиостанция) арқылы орнатылатын байланыс;

    • Деректерді қабылдау орталығының ДК-не график және кесте түрінде шығару;

    • Далалық пунктті тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты экологиялық параметрлерді өлшеу блоктарымен жабдықтау мүмкіндігі.

  • Негiзгi сипаттамалары
    «EMS ROU» автоматты экологиялық мониторинг жүйесінің техникалық сипаттамалары, жабдықталатын өлшеуіш блоктарға байланысты болып келеді.

    Төменде, тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне байланысты өзгеріп тұруы мүмкін техникалық сипаттамалар келтірілген.

    Сипаттаманың атауы

    Мәні

    Далалық пункт

    Қосылу интерфейстері

    RS485, GSM, GPS

    Барлық қадағалар үшін жауап қайтару уақыты, ең көбі

    1 мин.

    Өлшеуіш арналар үшін көрсеткіштерді белгілеу уақыты, ең көбі

    60 с.

    Шектен асып кеткен кезде дабылдаманың іске қосылу уақыты, ең көбі

    3 с.

    Қоршаған ортаның жұмыс температурасы

    -40 °С-ден +50 °С-ге дейін

    Қабықтың қорғаныс дәрежесі

    IP66

    Ауаның (конденсацияланбайтын) салыстырмалы ылғалдылығы

    30%-дан 95%-ға дейін

    Атмосфералық қысым

    84 кПа-дан 106,7кПа-ға дейін

    Қуат кернеуі / жиілігі

    220+22-33 В / 50 ± 1 Гц

    Резервтік қуат көзі (аккумулятордан), ең кемі

    12 сағ.

    Габариттік өлшемдері

    1350×780×240 мм

    Салмағы, ең көбі

    25 кг

    Орташа қызмет ету мерзімі, ең кемі

    8 жыл

    Шаңөлшеуіш (Аэрозольді бөлшектердің массалық шоғырлануын өлшеуіш)

    Өлшеу ауқымы

    0 - 100 мг/м3

    Өлшеудің рұқсат етілетін негізгі дәлсіздігінің шегі

    ± 20 %

    Бөлшектер өлшемі

    0,2 - 10,0 мкм

    Метеостанция

    Ауа ағыны жылдамдығын өлшеу ауқымы

    0,3 - 60 м/с

    Ауа ағыны бағытын өлшеу ауқымы

    0 - 360 градус

    Ауа температурасын өлшеу ауқымы

    -50 °С-ден + 60 °С-ге дейін

    Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу ауқымы

    1 %-дан 100 %-ға дейін

    Атмосфералық қысымды өлшеу ауқымы

    300 гПа-дан 1200 гПа-ға дейін

    Жауын-шашынның қарқындылығын өлшеу ауқымы

    0,1 - 2,4 мм/мин

    Газ талдаушы

    H2S өлшеу ауқымы

    0 - 100 ppm

    Cl2 өлшеу ауқымы

    0 - 10 ppm

    NH3 өлшеу ауқымы

    0 - 170 ppm

    СО өлшеу ауқымы

    0 - 1000 ppm

    NO өлшеу ауқымы

    0 - 250 ppm

    NO2 өлшеу ауқымы

    0 - 20 ppm

    SO2 өлшеу ауқымы

    0 - 20 ppm

    СН4 өлшеу ауқымы

    0 %-дан 100 %-ға дейін

    VOC ұшпа органикалық қосылыстарын өлшеу ауқымы

    0 - 6000 ppm

    Газдарды өлшеудің рұқсат етілетін негізгі салыстырмалы дәлсіздігінің шегі

    ± 10 %

    СН4 өлшеудің рұқсат етілетін негізгі абсолютті дәлсіздігінің шегі

    ± 10 % көл. ү.