RU KZ EN
Жылжымалы радиациялық және экологиялық зертхана

Жылжымалы радиациялық және экологиялық зертхана

Жылжымалы радиациялық және экологиялық зертхана – апаттық әрекет етуші құрылымдар мамандарын зерттеулер жүргізу орнына жеткізуге арналған және радиобелсенді ластану параметрлерін жедел табу мен өлшеуге арналған қажетті жабдықтары бар автокөлік. Радиациялық сипаттағы штаттан тыс жағдайлар туындағанда радиациялық барлау өткізуді жедел жасауға және радиациялық – қауіпті объектілерде радиациялық апаттарда жылдам әрекет етуге; қоршаған ортаның ластануымен байланысты оқиғаларға әрекет ету; экологиялық қауіптілігі жоқ объектілердің, кәсіпорындардың, өнеркәсіп аумақтарының қызметін қадағалауға жағдай жасайды.

Халық қорғанысы бойынша іс – шараларды тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Біз жеке тапсырыс бойынша және тапсырыс берушінің нақты қажеттілігі бойынша жылжымалы радиологиялық зертханаларды жасап шығарамыз.

Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС

Ел: Қазақстан Республикасы

 

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай

Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

  • Сипаттамасы

    Жылжымалы зертхана меншікті өндірістегі радиологиялық және экологиялық бақылау жабдықтарымен толымдалады.

    Барлық жабдықтар ҚР өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген.

    Жылжымалы зертхана келесі тапсырмаларды орындауға тағайындалған:

    • әртүрлі күрделілігі бар жолдармен зерттеу жұмыстарын жүргізетін орынға мамандар мен зертхана жабдықтарын жеткізу;
    • радиобелсенді көздер мен ластауларды табу және оқшаулау;
    • радиобелсенді ластанулардың сипаттамаларын анықтау (гамма – сәуле шығару мөлшерінің қуаты, ластанулардың радионуклиді құрамы, альфа және бета сәуле шығару радионуклидтердің болуы, радиобелсенді аэрозолдердің болуы және т.б.);
    • радиобелсенді өнімдердің таралуына болжамды баға берілуін нақтылау;
    • ластанған аймақтардың шекараларын картаға түсіру және кескіндеу;
    • атмосфералық объектілердің таңбалануы мен радиолокациялық зондау көмегімен радиобелсенді бұлт қозғалсының сипаттамаларын анықтау;
    • сынама алу және топырақ, су мен ауа сынамаларының экспресс-талдауын жасау.
  • Ерекшеліктері
    • Зертхананың әмбебаптылығы – мақсаттары және тапсырмаларына тәуелді жабдықтармен толымдау мүмкіндігі;
    • Зертхана қоршаған орта температурасы - 40 С -ден +40 С -ге дейін болатын әртүрлі климаттық аумақтарда қолдану үшін жобаланған;
    • Кепілді қызмет көрсету.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Негізгі жиынтықтылау:

    (Жылжымалы зертхананың жиынтықтылау мысалы ұсынылған. Тапсырыс берушінің талаптарына тәуелді өзгертілуі мүмкін)

    • ГАЗ-27057 автокөлік шассиі (қозғалтқыш бензинді, дөңгелеу формуласы 4 х 4);
    • «РКС-01-СОЛО» альфа, бета, гамма, рентген және нейтронды сәуле шығару детекторлары бар радиометр-дозиметр;
    • Бірыңғай тұрқыда «РАМОН-РАДОН-01» қатар қондырылған «РАМОН-02» радиобелсенді аэрозолдердің радиометрі;
    • «ЭПРАМ-01-СОЛО» сынама алғыш құрылғы;
    • «РКС-01И-СОЛО» жеке радиометр-дозиметр;
    • Ноутбук;
    • Зертхана жиһазы
    • GPS бағыттауыш.

    Автокөліктің сипаттамасы:

    Бүтін металды фургон – бес есігі бар: екеуі ашпалы кабина есіктері, бүйір беттегі жылжымалы бір және екі артқы ашпалы есіктері бар; үш бөліктен тұрады:

    1. Жүргізушілік;
    2. Зертханалық;
    3. Жүк бөлігі.

    Зертханалық және жүк бөліктері өзара жазық жапқышпен бөлінген.

    Автокөлік салонының жабдықталуы:

    • салонның ішкі өңдеуі ылғалға және химияға төзімді материалдан орындалған;
    • зертханалақы бөлік жылудан – шудан оқшауланған;
    • кондиционер (төбеге орнатылған);
    • автономды салон жылытқыш (бензинді);
    • ағынды және солу желдеткіш жүйесі;
    • іздегіш фаралар автокөліктің шатырында (арнайы тапсырыс бойынша);
    • БСҚ (белгі беруші-сөйлейтін құрылғы ) (арнайы тапсырыс бойынша);
    • Зарядтау құрылғылары бар орын ауыстырылатын (аспалы) радиобекеттер (арнайы тапсырыс бойынша).

    Жабдықтың зертханалық бөлігі жабдықталған:

    • Зертханалық үстел мен үстелдің үстіңгі тақтайы ылғалға және химияға төзімді материалдан жасалған;
    • Қызметкерлерге арналған жұмыс орны;
    • Киім мен жабдықтарға арналған сүрелер;
    • Автоматты су беретін жуғыш;
    • Өрт сөндіргіш (2 л.);
    • Сынамаларды сақтауға арналған автокөліктік тоңазытқыш;
    • Жеке дәрі қобдишасы;
    • Жеңіл қорғаныс костюмі;
    • Қоршау белгілерінің жиынтығы.

    Жүктік бөлік жабдықталған:

    • Жүргізушінің ҚАҚ (жүргізуші құралы);
    • Ұзындығы 6 м тіркейтін арқан;
    • Найзалы күрек;
    • Балта;
    • Қол ара;
    • Зілбалға;
    • Сүймен;
    • Отынға арналған 20 литрлік канистра.

    АВТОНОМДЫ ЭЛЕКТРҚОРЕК ЖҮЙЕЛЕРІ:

    • (220/12 В) зарядтау құрылғысы бар (12/220 В) кернеу түрлендіргіші;
    • Жұмыс салонын негізгі және апаттық жарықтандыру жүйесі;
    • Сыртқы барлық ауа – райына арналған қосу (220 В үзіліссіз қорек көздеріне қосылуға арналған);
    • Автономды электрқорек қондырғысы;
    • Ұзындығы 50 м 4 – ұяшықты аунақшалы электр ұзартқыш;
    • Үлестіргіш қалқанша;
    • Сыйымдылығы 62 А/сағ кем болмайтын қосымша аккумуляторлы батарея - 1 дана