RU KZ EN
Курстарды сипаттамасы

Курстарды сипаттамасы

28.10.2020

Келесі нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес: «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер үшін біліктілік талаптары және оларғы сәйкестігін растайтын құжаттардың тізімі» (13.11.2014 ж. №122 ҚР Энергетика министрінің бұйрығы), «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде қызмет ететін жұмысшыларды аттестаттау ережелері» (№12 от 20.01.2016 ж. №12 ҚР Энергетика министрінің бұйрығы), «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде қызмет ететін жұмысшылардың біліктілігін арттыру ережелері» (20.01.2016 ж. № 13 ҚР Энергетика министрінің бұйрығы) «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде қызмет ететін жұмысшылардың  біліктілігіне қойылатын талаптар» (05.02.2016 ж. № 37 Энергетика министрінің бұйрығы) ұйымдар мен мекемелерге жарияланған қызметті жүзеге асырғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білікті қызметкерлер талап етіледі.

«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетімен берілген «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға жауапты қызметкерлерді арнайы дайындау» 16 мамыр 2018 ж.  № 18009756 Лицензия негізінде «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» мамандығы бойынша қызметкерлерді дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорында СТ ҚР ИСО 9001-2016 Ұлттық стандартына сәйкес келетін Сапа Менеджментінің Жүйесі жобаланған және сәтті енгізілген.

Дәрістерді оқу үшін радиология саласындағы жетекші мамандар тартылады. Тәжірибелік сабақтар қазіргі заманғы радиологиялық жабдықтарда өткізіледі. Дәріс курсы аяқталғаннан кейін біліктілік емтихандары өткізіледі, курсты аяқтағандығы жөнінде куәліктер беріледі.

Дәріс курсының ұзақтылығы 77 академиялық сағаттар (6 күнтізбелік күндер).

Курстың негізгі тараулары:

  1. Радиобелсенділік туралы негізгі ұғымдар;
  2. Ион шығаруларының биологиялық әрекеті;
  3. Адам сәулеленуінің регламенті;
  4. Радиациялық апаттар;
  5. Иондалатын сәуле шығарудан қорғаныс есебі;
  6. Сыртқы және ішкі сәулелену мөлшерлемесінің есебі;
  7. Табиғи радиациялық фон;
  8. Иондалатын сәуле шығарулардың дозиметриясы;
  9. Адамның ішкі сәулеленуін бақылау;
  10. Радиобелсенді қалдықтарды ұстай білу;
  11. Атомдық заңнама және радиациялық қауіпсіздікті қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;
  12. Атом энергиясын пайдалану қызметіне лицензия алу үшін құжаттар пакетін ұсыну;
  13. Қауіпсіздік мәдениеті;
  14. Радиобелсенді материалдарды тасымалдағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  15. Радиобелсенді материалдар мен қаптамаларды сынау. Радиобелсенді материалдардың экспорты, импорты;
  16. Радиациялық бақылау жабдықтарын пайдаланумен тәжірибелік сағаттар.

Мамандарды дайындауға өтініштер төмендегі тел/факс бойынша қабылданады: +7(727)264-27-10 e-mail: info@solo.kz, om_solo@mail.ru


Возврат к списку