2023 жылғы 18 мамырда «Өлшемдер жаһандық сенімнің негізі ретінде» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС Техникалық директоры Владимир Владимирович Абеленцев пен Стандарттау және метрологияға жауапты Шалина Елена Викторовнаның қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді ҚР СИМ ТРМК «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Абеленцев В.В. және Шалина Е.В. Қазақстан метрологиясының 100-жылдығына орай, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің дамуына елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.