RU KZ EN
Бірыңғай тұрқыда «РАМОН-РАДОН-01» қатар қондырылған «РАМОН-02» радон және оның туынды өнімдері ыдырауларының радиометрі

Бірыңғай тұрқыда «РАМОН-РАДОН-01» қатар қондырылған «РАМОН-02» радон және оның туынды өнімдері ыдырауларының радиометрі

«РАМОН-02» радон және оның туынды өнімдері ыдырауларының радиометрі радиохимиялық, геологиялық және радиоэкологиялық зерттеулерді өткізгенде ауада, бөлмелерде және ашық жерлерде Rn-222 радонның баламалы тепе – тең көлемдік белсенділігін (БТКБ), радон ыдырауының туынды өнімдерінің (ЫТӨ) және Rn-220 торон ыдырауының туынды өнімдерінің (ТТӨ) «жасырын энергиясы» шамасын, RаА, RаВ және RаС ЫТӨ  көлемдік белсенділігін және торонды БТКБ спекторметриялық анықтау мүмкіндіктерін жылдам анытауға тағайындалған. «РАМОН-РАДОН-01» әртүрлі орталарда – ауада, суда, топырақта радонның – Rn-222 көлемдік белсенділігін (КБ), әртүрлі беткейлерде (эксхаляциялар) радон легін өлшеуге тағайындалған. «РАМОН-02» бірыңғай тұрқыда «РАМОН-РАДОН-01» қатар қондырылған.

Жабдық ҚР Мемлекеттік тізіліміне № KZ.02.01.02637-2024 нөмірі астына енгізілген
Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС
Ел: Қазақстан Республикасы

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай
Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

Радиометрмен жұмыс істеу нұсқаулығы бар бейне: https://youtu.be/RJkP3MdyI0Q

  • Сипаттамасы

    Радиометр әртүрлі орталарда радонның КБ, радонның БТКБ өлшеуге арналған жылжымалы жабдық ретінде ұсынылған.

    Радонның БТКБ өлшеу  АФА-РСП-10 типті аэрозольді сүзгілерге ыдыраудың туынды өнімдерін (ЫТӨ) іріктеуге, альфа сәуле шығару RaA, RaC' белсенділіктерін өлшеуге қортылған. Қысқа өмір сүретін ЫТӨ көлемдік белсенділігі сынамаларды алу кезеңінде және сынама белсенділігін өлшеуде ЫТӨ жинақталуын және ыдырауын ескеретін өрнектер бойынша есептеледі.

    Радонның КБ өлшеу принципі өлшеу камерасына сынама көлемінен ауамен бірге бірінші радоның циркуляциялық тәсілін пайдалануға негізделген.  Өлшеу процесі сүзгіш – нысана бетіне радонның ыдырау өнімдерінің электростатикалық тұнуы мен әрі қарай альфа сәуле шығаруды тіркеуге негізделген.  

    Радиометр жартылай автоматты тәртіпте жұмыс жасауға тағайындалған.

  • Ерекшеліктері
    • радон мен торонның баламалы тепе – тең көлемдік белсенділігін (БТКБ) мөлшерленетін шамасын тікелей өлшеу;
    • жеделділік: өлшеудің толық циклы 1 минут уақыт алады;
    • жоғары сезімталдылық: өлшеудің төменгі шегі – 1 Бк/м3;
    • 1 ден 5×105 Бк/м3 -ке дейін өлшеудің кең диапазоны;
    • жабдықтың жоғары автономдылығы: аккумуляторларды зарядтамай 80 өлшем жасауға болады;
    • өлшеудің спектрометриялық әдістемелері қолданылады.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Сипаттаманың атауы

    Мәні

    Радонның БТКБ өлшеу диапазоны*

    1-ден 5×105 Бк/м3 -ге дейін

    Келесі диапазондағы тұрғын және өндірістік бөлме ауасындағы радонның көлемдік белсенділігі *

    1-ден 1×105 Бк/м3-ге дейін

    Топырақ бетіндегі радонның радон эксхаляциялары  (лек тығыздығы)

    10-2 -ден 500 Бк/(с×м2) дейін

    топырақ ауасындағы радон диапазонғы

    1 -ден 15000 Бк/л -ге дейін

    Судағы радон (сынама алғыш + барботаж құрылғысы) диапазоны

    1 -ден 15000 Бк/л -ге дейін

    БТКБ өлшеу қателігі, топырақ ауасында, суда радонның КБ, эксхаляциялар

    30 %

    Ауадағы радонның КБ өлшеу қателігі

    20 %

    Спектрометриялық әдістеме бойынша радонның БТКБ бір өлшемінің ұзақтылығы

    4 мин

    БТКБ өлшеу үшін ауадан сынама алу жылдамдығы

    30 л/мин

    КБ өлшеу үшін ауадан сынама алу жылдамдығы және эксхаляциялар

    1 л/мин

    Сүзгіш типі

    АФА-РСП-10

    Жартылай өткізгішті детектор ауданы

    1000 мм2

    Радонның ыдырау өнімдерінің электростатиикалық тұнбалау үшін өлшеу камерасының көлемі

    2 л

    Радонның ыдырау өнімдерінің электростатиикалық тұнбалау үшін өлшеу камераға берілетін кернеу

    1200 В

    Қорек

    Кернеулігі 12 В аккумуляторы батареядан, шығыс кернеулігі 15 В желілік адаптердан

    Зарядтаусыз өлшеу саны, кем емес

    80

    Габаритті өлшемдер, мм

    430×215×185

    Салмағы, кг

    4

    Жұмысшы температуралардың диапазоны

    +1 -ден +40 °С -ге дейін

    Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, көп емес

    95±3 %

    * Арнайы тапсырыспен жеткізілетін жұмыс терезесінің ауданын шектейтін арнайы диафрагмма көмегімен 5×105 тен 2×106 Бк/м3  - ге дейінгі диапазонда БТКБ, ал радонның КБ 1×105 –тен  3×106 Бк/м3 – ге дейінгі диапазонында  өлшеуге болады

    Негізгі жеткізу жиынтығы:

    Атауы

    Саны

    1

    Бірыңғай тұрқыда «РАМОН-РАДОН-01» қатар қондырылған «РАМОН-02» радон және оның туынды өнімдері ыдырауларының радиометрі

    1 дана

    2

    АФА-РСП-10 сүзгіштер жиынтығы

    200 дана

    3

    RS-232С бойынша ӨЭЕМ байланыс шоғырсымы

    1 дана

    4

    USB-конвертер

    1 дана

    5

    Желілік адаптер

    1 дана

    6

    сыртқы ӨЭЕМ бағдарламалық жұмысы бар компакт диск

    1 дана

    7

    Барботер

    1 дана

    8

    Сынама алғыш

    2 дана

    9

    Силикон түтікше

    2 дана

    10

    Жинақтағыш ыдыс

    1 дана

    11

    Шпур үшін тұмшалағыш қақпақ

    1 дана

    12

    Сүзгіш ұстағыштың жақтауы

    1 дана

    13

    Пайдалану құжаттамасы (пайдалану бойынша басшылық, техникалық сипаттамасы, пайдалану жөніндегі нұсқау)

    1 дана

    14

    Кепілдік талоны

    1 дана

    15

    Тексеру туралы сертификат

    1 дана

    Арнайы тапсырыс бойынша «Әртүрлі орталарда радонның (Rn-222)  көлемдік белсенділіктерін өлшеу әдістемесі» өлшеуерді орындау әдістемесі жеткізіледі  (ҚР МӨЖ тізілімінде 23 шілде 2021 ж. №KZ.06.01.00304-2021 нөмірімен тіркелген).