«РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметр БМ, ТЖМ, ІІМ, арнайы қызметтер, кеден және шекара қызметтері, әскери бөлімшелермен барлау жұмыстарын жүргізгенде көлік амалдарына орнатылып, гамма-рентген сәуле шығарудың амбиентті балама, амбиентті балама мөлшер қуатын өлшеуге тағайындалған.
«РКС-01ВТ-СОЛО» гамма-рентген сәуле шығару АБМҚ шекті деңгейлерінің мәндерін бағдарламалау қызметі көзделген. Алдын ала бағдарламаланған АБМҚ шекті деңгейлері асқанда дыбыстық және жарықтық белгі беру қызметі алдын ала көзделген. Дозиметр гамма-рентген сәуле шығарудың детекторлау блогымен жиынтықталады.
Жабдық ҚР Мемлекеттік тізіліміне № KZ.02.01.02637-2024 нөмірі астына енгізілген
Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС
Ел: Қазақстан Республикасы
Кепілді қызмет көрсету: 12 ай
Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде
Дозиметр көлік амалына стационарлы орнатылады және төмендегілерді өлшеуге тағайындалған:
Дозиметр басқару пультінен және шешілмелі детекторлау блогынан тұрады.
Сцинтилляторлар сезімталдылықтарының энергетикалық тәуелділігінің бейсызықтығын түзету аналогты – сандық түрлендіргіштің көмегімен жүзеге асырылады. Жабдық «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Гигиеналық нормативтер (РҚҚСЭТ ГН) талаптарына және «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелердің (РҚҚСЭТ СЕ) талаптарына сәйкес радиациялық бақылаудың негізгі тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Жаңа «РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметрде дозиметрдің бұрынғы нұсқаларындағы газразрядты детекторлардың орнына гамма сәуле шығарудың сцинтилляционды детекторы қолданылады. Электронды буындар жаңа ұрпақтағы микроконтроллердер мен микросұлбаларда жиналған. Қазіргі заманның технологияларын пайдалану арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
Жабдық басқару пультінен және шешілмелі детекторлау блогынан тұрады.
Сипаттаманың атауы |
Мәні |
|
Гамма-рентген сәуле шығарудың детекторлау блогы |
||
Детектор |
Сцинтилляционды |
|
Тіркелетін гамма-рентген сәуле шығарудың энегрия диапазоны |
20 кэВ ден 10 МэВ -ке дейін |
|
Мөлшердің амбиентті балама қуатын өлшеу диапазоны |
0,01 мк3в/сағ.-ден 15 3в/сағ. -қа дейін |
|
Мөлшердің амбиентті баламасын өлшеу диапазоны |
0,01-ден 5×108 мк3в -ке дейін |
|
Өлшеудің негізгі салыстырмалы қателігінің рұқсат етілген шегі |
± 12% |
|
Детектордың габаритті өлшемдері, көп емес |
Ø50 мм, ұзындығы 140 мм |
|
Детектор салмағы, көп емес |
0,3 кг |
|
Басқару пульті |
||
Басқару пультінің габаритті өлшемдері, көп емес |
151×90×65 мм |
|
Басқару пультінің салмағы, көп емес |
1,0 кг |
|
Тұрқы |
дюралюминді қоспадан жасап шығарылған |
|
Қорғаныс дәрежесі |
IP67 |
|
Басқару пульті мен детекторлау блогының жұмыс температураларының диапазоны |
-50 °С ден +50 °С -ге дейін |
|
Дозиметр қорегі |
Шығыс кернеулігі 9 В -тан 36 В -қа дейін тұрақты қоректендіретін ток көзі |
|
Қорек көзінен тұтынылатын ток, көп емес |
100 мА |
№ |
Атауы |
Саны |
1 |
Дозиметрді басқару пульті |
1 дана |
2 |
Гамма-рентген сәуле шығаруды детекторлау блогы |
1 дана |
3 |
ӨЭЕМ USB жалғау шоғырсымы |
1 дана |
4 |
Детекторлау блогы мен басқару пультін жалғайтын шоғырсым |
1 дана |
5 |
Қорек көзіне қосу шоғырсымы |
1 дана |
6 |
Пайдалану құжаттамасы (пайдалану бойынша басшылық) |
1 дана |
7 |
Формуляр |
1 дана |
8 |
Кепілдік талоны |
1 дана |
9 |
Тексеру туралы сертификат |
1 дана |