RU KZ EN
«РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметр (сыртқы детекторлау блогымен)

«РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметр (сыртқы детекторлау блогымен)

«РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметр БМ, ТЖМ, ІІМ, арнайы қызметтер, кеден және шекара қызметтері, әскери бөлімшелермен барлау жұмыстарын жүргізгенде көлік амалдарына орнатылып, гамма-рентген сәуле шығарудың амбиентті балама, амбиентті балама мөлшер қуатын өлшеуге тағайындалған.  

«РКС-01ВТ-СОЛО» гамма-рентген сәуле шығару АБМҚ шекті деңгейлерінің мәндерін бағдарламалау қызметі көзделген. Алдын ала бағдарламаланған АБМҚ шекті деңгейлері асқанда дыбыстық және жарықтық белгі беру қызметі алдын ала көзделген. Дозиметр гамма-рентген сәуле шығарудың детекторлау блогымен жиынтықталады.

Жабдық ҚР Мемлекеттік тізіліміне № KZ.02.02.06604-2019 нөмірі астына енгізілген

Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС

Ел: Қазақстан Республикасы

 

Кепілді қызмет көрсету: 12 ай

Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде

  • Сипаттамасы

    Дозиметр көлік амалына стационарлы орнатылады және төмендегілерді өлшеуге тағайындалған:

    • гамма-рентген сәуле шығару мөлшерінің амбиентті балама қуаты;
    • гамма-рентген сәуле шығару мөлшерінің амбиентті баламасы.

    Дозиметр басқару пультінен және шешілмелі детекторлау блогынан тұрады.

    Сцинтилляторлар сезімталдылықтарының энергетикалық тәуелділігінің бейсызықтығын түзету аналогты – сандық түрлендіргіштің көмегімен жүзеге асырылады. Жабдық «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Гигиеналық нормативтер (РҚҚСЭТ ГН) талаптарына және «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелердің (РҚҚСЭТ СЕ) талаптарына сәйкес радиациялық бақылаудың негізгі тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.

  • Ерекшеліктері

    Жаңа «РКС-01ВТ-СОЛО» радиометр-дозиметрде дозиметрдің бұрынғы нұсқаларындағы газразрядты детекторлардың орнына гамма сәуле шығарудың сцинтилляционды детекторы қолданылады. Электронды буындар жаңа ұрпақтағы микроконтроллердер мен микросұлбаларда жиналған. Қазіргі заманның технологияларын пайдалану арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

    • Детектордың сезімталдығы артты;
    • Өлшеу дәлдігі артты;
    • Өлшеу уақыты артты;
    • Энергетикалық диапазон және мөлшер қуатын өлшеу диапазоны кеңейді;
    • Жинақталған мөлшерді өлшеудің автоматты тәртібі қосылды;
    • Орнатылған шекті мәндердің өсу фактілері туралы жарықтық және дыбыстық белгі беру көмегімен хабарлау үшін іске қосылудың екі шегі көзделген;
    • Жабдықтың беріктігі артты, жабдық діріл мен соққыдан қорықпайды;
    • Габаритті өлшемдері мен тұрқы салмағы азайды;
    • Қорек көзінен тұтынылатын қуат азайды;
    • Детекторлау блоктарын, аралықтарды және өлшеу диапазондарын автоматты таңдау;
    • Қараңғы мезгілде сандық индикатордың көмескі жарығы;
    • Жауын – шашын, щаңды ортада жұмыс жасау мүмкіндігі (қорғаныс дәрежесі IP67);
    • Сәуле шығару қарқындылығының аналогты индикаторының болуы;
    • 100 000 дейін өлшеу нәтижелерін USB-порт арқылы ДК берумен энергияға тәуелді жадыға жазу мүмкіндігі;
    • географиялық координаттарды жазуға арналған GPS-модульмен жиынтықтау мүмкіндігі;
    • Меншікті сандық индикаторда жазылған өлшеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі;
    • Жеке қорғаныс амалдарында (резеңке қолғап) жабдықпен жұмыс жасау мүмкіндігі;
    • Жұмысшы температуралар диапазонының кеңдігі (-50…+50) °С.
  • Негiзгi сипаттамалары

    НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Жабдық басқару пультінен және шешілмелі детекторлау блогынан тұрады.

    Сипаттаманың атауы

    Мәні

     

    Гамма-рентген сәуле шығарудың детекторлау блогы

    Детектор

    Сцинтилляционды

    Тіркелетін гамма-рентген сәуле шығарудың энегрия диапазоны

    20 кэВ ден 10 МэВ -ке дейін

    Мөлшердің амбиентті балама қуатын өлшеу диапазоны

    0,01 мк3в/сағ.-ден 15 3в/сағ. -қа дейін

    Мөлшердің амбиентті баламасын өлшеу диапазоны

    0,01-ден 5×108 мк3в -ке дейін

    Өлшеудің негізгі салыстырмалы қателігінің рұқсат етілген шегі

    ± 12%

    Детектордың габаритті өлшемдері, көп емес

    Æ50 мм, ұзындығы 140 мм

    Детектор салмағы, көп емес

    0,3 кг

    Басқару пульті

    Басқару пультінің габаритті өлшемдері, көп емес

    151×90×65 мм

    Басқару пультінің салмағы, көп емес

    1,0 кг

    Тұрқы

    дюралюминді қоспадан жасап шығарылған

    Қорғаныс дәрежесі

    IP67

    Басқару пульті мен детекторлау блогының жұмыс температураларының диапазоны

    -50 °С ден  +50 °С -ге дейін

    Дозиметр қорегі

    Шығыс кернеулігі 9 В -тан  36 В -қа дейін тұрақты қоректендіретін ток көзі 

    Қорек көзінен тұтынылатын ток, көп емес  

    100 мА

    Негізгі жеткізу жиынтығы

    Атауы

    Саны

    1

    Дозиметрді басқару пульті

    1 дана

    2

    Гамма-рентген сәуле шығаруды детекторлау блогы

    1 дана

    3

    ӨЭЕМ USB жалғау шоғырсымы

    1 дана

    4

    Детекторлау блогы мен басқару пультін жалғайтын шоғырсым

    1 дана

    5

    Қорек көзіне қосу шоғырсымы

    1 дана

    6

    Пайдалану құжаттамасы (пайдалану бойынша басшылық)

    1 дана

    7

    Формуляр

    1 дана

    8

    Кепілдік талоны

    1 дана

    9

    Тексеру туралы сертификат

    1 дана