«АСКЗ-01А» «А» тобындағы жұмыскерлердің қолын радиациялық-дозиметрлік бақылаудан өткізудің автоматтандырылған жүйесі «РКС-01АС-СОЛО» радиометр-дозиметріне негізделген және өткізу жүйесін автоматтандыруға және қол бетінің альфа-сәулелеуші радионуклидтермен ластануын автоматты режимде бақылауға арналған. Ластанудың белгіленген шекті шамасының асырылуы немесе асырылмауы туралы ескертетін жарықтық және дыбыстық дабылдама жүйесі бар.
«РКС-01АС-СОЛО» радиометр-дозиметр ҚР Мемлекеттік тізіліміне № KZ.02.01.02637-2024 нөмірі астына енгізілген
Жасап шығарушы: «СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС
Ел: Қазақстан Республикасы
Кепілді қызмет көрсету: 12 ай
Сервистік қызмет көрсету: барлық пайдалану мерзімінің ішінде
ЖҮЙЕНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
«АСКЗ-01А» жүйесі:
ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
«АСКЗ-01А» жүйесіне мыналар кіреді:
Альфа-белсенді заттарды қолданатын кәсіпорындар мен мекемелердің санитарлық өткізгіштерінде, саншлюздерінде, зертханаларында қолданылады.
|
Детекторлау блоктарының саны |
2 (сол және оң қолға арналған) |
|
Детекторлардың типі |
сцинтилляциялық: ZnS(Ag) |
|
Детекторлау блогының ауданы, см2 |
300 |
|
Альфа-сәулелер ағымының тығыздығын өлшеу диапазоны, бөлшек/(см2×мин) |
0,05 бастап 5×105 дейін |
|
Үрейлі дабылдаманың іске қосылуының шекті шамаларын орнату диапазоны, бөлшек/(см2×мин) |
0,1 бастап 5×105 дейін |
|
Шекті шамаларды орнатудың дискреттілігі, бөлшек/(см2×мин) |
0,1 |
|
Өлшеудің негізгі қателігі, % |
±20 |
|
Жұмыс температураларының диапазоны, °С |
-40 бастап +50 дейін |
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % |
95 дейін |
|
Жұмыс режимі |
үздіксіз (тәулігіне 24 сағ) |
|
Орындалуы |
еденүсті, қабырғаға ілінетін, үстелүсті |
|
Габариттік өлшемі, ары кеткенде, мм |
1290 × 930 × 600 |
|
Салмағы, ары кеткенде, кг |
25 |
|
Орташа қызмет мерзімі, кем дегенде, лет |
10 |
|
Дозиметр кернеуі 7,2 В литий-ионды аккумуляторлық батареядан немесе дозиметрдің жиынтығына кіретін шығыстық кернеуі 12 В желілік бейімдегіш арқылы қоректенеді |
|
«АСКЗ-01А» ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТКІЗІЛУ ЖИЫНТЫҒЫ
|
№ |
Атауы |
Саны |
|
1 |
«РКС-01АС-СОЛО» радиометр-дозиметрінің құрамы: |
1 дана |
|
1.1 |
Дозиметрді басқару тетігі, тұғырымен бірге |
1 дана |
|
1.2 |
Альфа-бөлшектерді детекторлау блогы |
2 дана |
|
1.3 |
Тұғыр |
3 дана |
|
1.4 |
Негіз |
1 дана |
|
1.5 |
Желілік бейімдегіш |
1 дана |
|
1.6 |
ДЭЕМ-мен жалғау кабелі USB |
1 дана |
|
2 |
Өткізгіш оқығыш |
1 дана |
|
3 |
Турникет |
1 дана |
|
4 |
Бейнетіркеу жүйесі |
1 дана |
|
5 |
Үздіксіз қорек көзі |
1 дана |
|
6 |
Ақпараттық табло |
1 дана |
|
7 |
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық (техникалық сипаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулық) |
1 дана |
|
8 |
Паспорт |
1 дана |
Жиынтығына сондай-ақ дербес компьютер кіреді, оған «АСКЗ-01а» «А» тобындағы жұмыскерлердің қолын радиациялық-дозиметрлік бақылаудан өткізудің бірнеше автоматтандырылған жүйелерінен беріліп отырған деректер түсіп отырады.